Текст
Жазғы мектеп аясында «Халық қолөнері» атты қолданбалы шығармашылық сабағы өтті. Бұл жолы жас шеберлер шағын мүсін формалары әлеміне енді. Сабақтың тақырыбы бір уақытта әрі күрделі, әрі қызықты болды — ол адам мүсіндеу еді. Балалар адам денесінің пропорциялық ерекшеліктерімен танысып, ежелгі шеберлердің материал пластикасы арқылы мінез-құлық пен қозғалысты қалай жеткізгенін білді. Оқушылардың қолындағы балшық әп-сәтте бірегей мүсіндерге айналды.



