Текст
«Сәкен – ұлт руханиятының тұлғасы» атты әдеби сағат Мектеп кітапханасында 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Сәкен – ұлт руханиятының тұлғасы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ақынның қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі туралы мәліметтер беріліп, шығармаларының маңызы түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және кітап оқуға.


